Бұл бетте «Жанетта - жан құсым» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзіңсің өмірдің бұлағы,
Өзіңсің көңілдің шуағы.
Әйтеуір ішіміз тек саған,
Қашанда елжіреп тұрады.
Қайырмасы:
Жанетта,
Жанетта,
Жан құсым!
Әнбісің,
арайлы таңбысың,
Бақыттың бейнесі бар болса,
Сол бейне, жан құсым,
Сенбісің!
Біздер жан екенбіз бағы бар,
Сен барда жоғымыз табылар.
Жан бар ма дәл біздей бақытты,
Өзіңді дәл біздей сағынар.
Қайырмасы:
Атқан таң өзіңмен арайлы,
Жеттік қой арманға талайғы.
Сен барда береке, бақыт та,
Біздерге күлімдеп қарайды.
Қайырмасы:
Өзіңсің арманның ән құсы,
Өзіңсің Алланың алғысы.
Сезімсің мәңгілік өшпейтін,
Өзіңсің махаббат тамшысы.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі