Көзіме жас алмайын, еркекпін мен –
Эльдар Ишберген
Бұл бетте «Көзіме жас алмайын, еркекпін мен» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзіме жас алмайын, еркекпін мен.
Ұрпағымын туылған ең тектіден.
Жүрегім жаралы боп, қансырады.
Мұңымды жасырам деп ел, көптіден.
Қолымнан не келеді, шара барма?
Өлтіріп бітті мына жараларда.
Тәнімнен соңғы демім шығар кезде,
Жаным-ау кешір мені, қаралама.
Көп көрдіме Тәңірім сұрауымды.
Беру үшін жазды ма мың жылауымды.
Ел қатарлы бақытты аңсап едім.
Бақыт қайдан, көбейтті құлауымды.
Тосып келем, қайғымның таусылғанын.
Мен сынсамда, сен жаным таусылмағын.
Сенетін жан, отбасым, достарым бар.
Көрем әлі талай күн жау сынғанын.
Ишберген Эльдар
14.05.2026
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі