Әнім менің – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Әнім менің» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сәнді сағынышын, –
Қалды әнім үшін
Сезімім
Өз үнім!
Өшпес жарығымсың,
Сол бір қимас күндерім.
Бақытымменен,
Әнім мәңгі біргемін!

Қайырмасы:
Сен сияқтысың ғашығым,
Сен арқылы қақтым бақыт есігін.
Өшпейтін,
Көшпейтін,
Өзіңсің – асылым!
Қайда барсамдағы,
Тойды қарсы алады,
Қошемет,
Еселеп!
Жаным ән салады,
Сүйіп тұрып дүниені.
Қуаныштарым,
Биік тұрып биледі.

Қайырмасы:

Әнмен сыр ақтарып,
Жүрем қуаттанып,
Аңсасам,
Шаршасам.
Тұрсам құлап барып
Сен ғой мені демеген.
Құдірет едің,
Асыл, Әнім не деген!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері