Сені көргім келеді – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Сені көргім келеді» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Армандарым талайғы,
Тереземнен қарайды.
Ай туғанда арайлы,
Сені көргім келеді!

Қайырмасы:
Аңсатумен өзіңді,
Баурап алдың сезімді.
Ашсам болды көзімді,
Сені көргім келеді.

Жанарыммен жол бағып,
Үміт жібім жалғанып,
Күн шыққанда нұрланып,
Сені көргім келеді!

Қайырмасы:

Өңімде де, түсімде,
Бекзаттардың ішінде,
Нағыз бекзат пішінде,
Сені көргім келеді!

Қайырмасы:

Арман жалғап арманға,
Кеудем сырға толғанда.
Мынау жарық жалғанда,
Сені көргім келеді!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері