Айнам-ау – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Айнам-ау» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жан екенсің көрікті,
Билеп алдың ерікті.
Шыдамым жүр сарқылмай,
Бұлағым жүр тартылмай.

Қайырмасы:
Жаратылған лағылдан,
Жан ба дедім Айнам-ау.
Айтушысы табылған,
Ән бе дедім Айнам-ау.

Махаббаттың бүршігін,
Ашып кеттің қалайша?!
Жүрегімнің дүрсілін,
Басып кеттің қалайша.

Қайырмасы:

Сағыныштың тілімен,
Безілдедім Айнам-ау.
Өзіңді ойлап түнімен,
Көз ілмедім Айнам-ау.

Өзің бар деп жалғанда,
Жолға шықтым, бағым-ай.
Арман жалғап, арманға,
Алға асықтым бағым-ай.

Қайырмасы:

Өзіңді ойлап түнімен,
Көз ілмедім Айнам-ау!
Осыншама не қылған,
Төзімді едің Айнам-ау!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері