Бұл бетте «Майда қоңыр» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ертеңің мен бүгіннің арасында,
Ояна алмай бір күні қаласың да,
Судан шыққан борықтай боласың да,
Өмір деген өзеннің жағасында.
Қайырмасы:
Майда қоңыр,
Майда қоңыр,
Өтіп жатыр әйтеуір қайран өмір.
Қайран өмір,
Қайран өмір,
Оралады өткенің ойға не бір.
Шаршамайтын сияқты болсаң дағы,
Шаршатады өмірдің сан соқпағы.
Ұмытылып бүгіннің шаршатқаны
Ертеңіңді жатасың аңсап тағы.
Қайырмасы:
Айналады елеске өткен шағың,
Алақаны өмірдің неткен шағын.
Бірдеңені аңсайсың көктем сайын,
Қайта жанбас өшіріп кеткен шамың.
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі