Бұл бетте «Кешір мені» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынышым қонды алыс,
Жүрек толы толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Айналайын көзіңнен,
Артық туған өзіңнен,
Ешкімім жоқ, ешкімім.
Қайырмасы:
Көктем көңіл бүр жарғанда,
Дауысыңды естідім.
Кешіре алсаң бұл жалғанда,
Кешір мені, кеш күнім.
Бақытым бой бір менің,
Мәңгі қатар жүр ме едің.
Сен жоқ жерде қуанып,
Сен жоқ, жерде күлмедім.
Айналайын көзіңнен,
Артық туған өзіңнен,
Бір жан жоғын білмедім.
Қайырмасы:
Шықтық талай жолға алыс,
Көңілде көп толғаныс.
Өзгергенмен тіршілік,
Өзгермейді болған іс.
Жүдемесін жанымыз,
Саған деген сағыныш,
Қазір маған қорғаныш.
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі