Сағым дүние – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Сағым дүние» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңіл бейне-бала,
Салған сайран-ай, а-хау!
Өтер үнсіз ғана,
Күндер қайран-ай,
Жай байқалмай!

Қайырмасы:
Сағым дүние, өмір жалған-ай!
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!

Жаның кімге айна,
Бейне көшкен-ай, а-хау!
Алтын сәуле қайда,
Саған түскен-ай,
Ей, арман-ай.

Қайырмасы:

Уақыт шіркін өтпей,
Тұр ғой асықпай, а-хау!
Сүйгеніне жетпей
Қалған ғашықтай.
Ей, өмір-ай!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері