Айқабақ арман – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Айқабақ арман» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арман болған жасырын,
Жүректегі ғашығым менің,
Өзің аңсағаным-ай!
Жаным құрбан бір саған,
Ойлап сені ән саламын,
еркем!
Мәңгі ажырамайтын,
Бағым – сен екен!

Қайырмасы:
Айналайын, Айқабақ,
Жанарыңда тайғанап,
Қиялыммен аймалап
келемін.
Жүрегімде жанғансың,
Көңіліме қонғансың,
Мінезің мақпалдай,
Сезімің ақ қардай,
Аяулы армансың!

Шатыспайтын шақтамын,
Сендей жанды таппадым
іздеп.
Қанша шарласамда-ай!
Сенсің таза мөлдірім,
Жолықтырар енді кімді
маған,
Мәңгі тағдырымдайсың,
Таңғы шолпаным!

Қайырмасы:

Бағымбысың, Айқабақ,
Сені ғана аймалап
өтсем
Арман болмас еді ғой!
Қуанышым тасып бір,
Мен өзіңе ғашық болдым, жаным,
Көңіл тыншымайды ғой
Енді өзіңсіз!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері