Әпкетай – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Әпкетай» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзіңсің бүгінгі бар әнім
Жаныма жылу боп тарадың
Жүрегім жүрегіңде
Махаббат мейірімі ананың

Сияқты мәңгілік қорегім
Сен мені бақытқа бөледің
Әпкетай өзің барда
Бүгілмей, сүрінбей келемін.

Қайырмасы:
Әпкетай қуанышым
Өзіңсің ай-күнім
Армандай айдыным
Бастадым мерекем
Бақытым байлығым
Мәңгілік мерекем

Әпкетай бәрі де бар бүгін,
Сен барда қуаныш әр күнім.
Тілектің саған деген,
Мен қалай жеткізем барлығын.
Уақыттың екпіні желкелеп,
Есейіп кеттің бе ертерек,
Барғым кеп, тұрады әр кез,
Өзіңе анамдай еркелеп.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері