О, махаббат – Ибрагим Иса

Бұл бетте «О, махаббат» атты Ибрагим Иса жазған махаббат туралы өлең берілген.

Айым-ау, саған деген әнім басқа,
Бола ма сендей жанды сағынбасқа.
Айтатын бір таусылмайтын сырларым бар,
Өзіңдей жайраңдаған қарындасқа.

Күнім-ау, бұрын қалай жолықпадың,
Татпаппын сағыныштың анық дәмін.
Қалайша мен сенсіз жүріп қуанғанмын,
Қалайша менсіз жүріп қорықпадың.

Қайырмасы:
Сағындырған, о махаббат,
Жанымды жүрсің нұрға бөлеп.
Табындырған, о махаббат,
Қасиетің бар-ау бір керемет!

Бола алама мен сияқты әркім ғашық,
Ойлаймын кейде өзіңді ұйқым қашып.
Сен маған сенсең деп ем, көрсем деп ем,
Жасырын жүрегіңнің құлпын ашып.

Қайырмасы:

Қинамашы о махаббат,
Төзімім бар ғой өзің берген.
Ойнамашы, о махаббат,
Мендегі әсем сезімдермен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері