Балама тілек – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Балама тілек» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тәй-тәй басқан бөпешім шуағым,
Жанымдағы желбіреген құрағым.
Кесілді ғой тұсауың, дәстүрмен,
Шапқылашы сүрінбей шырағым.

Қайырмасы:
Батыр болар ме екенсің,
Алып тұлғалы.
Ақын болар ма екенсің,
Жарқын жырлары.
Әкім болар ма екенсің,
Елін сыйлайтын.

Тұңғышымсың сен менің бастауым,
Уақыт деген өтеді-ау қас-қағым.
Алла жар боп шыңдарға шарықта,
Аса берші өмірдің асқарын.

Қайырмасы:

Әке жолын үзбейтін жол болшы,
Жалғастырар ұрпақты сен болшы.
Маңдайыңнан айналдым күнім менің,
Сегіз қырлы бір сырлы ер болшы.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері