Бұл бетте «Еркелеші, еркем» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңіл қандай көркем,
Еркелеші, еркем
Сағынышым – желкен
асыққан.
Әппақ әсем таңым,
Өзің аңсар әнім.
Үмітіңді үзбе, ғашықтан.
Көктен жауған нұр боп,
Жүректерден жыр боп.
Көңілдерден сыр боп
ағылшы.
Күндеріңді санап,
Ұзақ жолға қарап,
Сен де мендей болып
сағыншы.
Қайырмасы:
Асыл ардағым,
Еркелеші мәңгі.
Сенен жасыра алмадым,
Осынау бір әнді.
Сағымсың ба еркем,
Бағымсың ба еркем,
Әнімсің ба тойда салатын.
Армандарды аңсап,
Сапарлардан шаршап,
Оралғанда болсай қанатым.
Болмасаң да ғашық,
Жүрегіңді ашып,
Кезікпедің қалай ертерек.
Бақыт деген – елес,
Ол керек емес,
Сен жанымда жүрсең
еркелеп.
Қайырмасы:
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі