Бұл бетте «Батырға арнау» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Дәулет Тұрлыхановқа арналады)
Жер бетін шарласа да көп із мейлі,
Қайғың мен қуанышың егіз дейді.
Дүние түбі терең теңіз дейді,
Жете алмай арманына жүрген жандар,
Жетсем деп қиялымен сені іздейді.
Қайырмасы:
Халқың сенің қорғаның,
Ел намысын қорғадың.
Болашаққа бастайды,
Сенің салған жолдарың.
Батырдың барын білмес кезімізде,
Өзіміз сенбей жүрсек өзімізге.
Жұлдыз боп жанып шықтың көгімізге,
Қазақты бар әлемге таныттың сен,
Жас тұрды қуаныштан көзімізде.
Қайырмасы:
Жақсыдан жер бетіне жарық түсер,
Күшің бар алып түсер, шалып түсер.
Қадірлі шапаныңды халық пішер,
Көктегі жоғалмайтын жұлдызсың сен,
Ғасырдың жүрегіне жанып түсер.
Қайырмасы:
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі