Ән-аға немесе Шәмшімен сырласу – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Ән-аға немесе Шәмшімен сырласу» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жетті ғой осы күнге,
Ән болып есімің де,
Тербеттің ғашықтарды,
Махаббат бесігінде,
Аққулар арасында,
Әнің жүр, барасың ба?
Бір сұлу мұңаяды,
Арыстың жағасында.

Қайырмасы:
Ән-Аға,
Жан-Аға.
Сені аңсап шарқ ұрып шағала,
Каспидің толқыны соғады
жағаға, жағаға.
Ән-Аға,
Жан-Аға.

Еліңе мәңгі ұнатқан,
Нәр бердің ән бұлақтан,
Жетеді Іңкәр әнің,
Теріскей Тамды жақтан.
Ән болып ұшарыңда,
Аққуға ұқсадың ба?
Гүл болып үлбіредің,
Бақыттың құшағында.

Қайырмасы:

Шалқыған жалын жастар,
Тойларды әнің бастар.
Толқиды әуеніңмен,
Ақ маңдай қарындастар.
Тұнса да лала гүлге,
Өксиді дала бірге,
Ескегін қайығыңның,
Қалдырдың, Аға, кімге?!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері