Ағаларым-ай – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Ағаларым-ай» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өздерің бәйтерегім,
Сендерсіз қайтер едім,
Ардақты ағаларым-ай!
Орманым сияқтанған,
Қорғаным сияқтанған,
Салмақты, ағаларым-ай!

Қайырмасы:
Жең болып, жаға болып,
Іні боп, аға боп,
Біріміз дана,
Біріміз бала боп
Ағаларым-ай!

Жанарымды шын ұғатын,
Жаурасам жылытатын,
Ақ пейіл ағаларым-ай!
Сүрінсем демейтұғын,
Шуаққа бөлейтұғын,
Ақ жарқын ағаларым-ай!

Қайырмасы:

Жаятын желкенімді,
Ойлайтын ертеңімді,
Ақылшы ағаларым-ай!
Әдептен аспайтұғын,
Ерлікке бастайтұғын,
Айбарлы ағаларым-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері