Бұл бетте «Оралман қыз» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойда жоқта қозғадың ғой,
Жүрегімді сыр тұнған.
Ұшып кете жаздадым ғой,
Айрылдым ғой ұйқымнан.
Күлкің неткен әсем еді,
Сыйқырлаған сезімсің.
Біздің жүдеу көшедегі,
Көрікті қыз өзіңсің!
Қайырмасы:
Перішетем-ау, жараспайды.
Сені ойламай көз ілген.
Ешбір ару таласпайды сұлулыққа өзіңмен.
Пейіштен бе, келдің қайдан,
Иран бақтан келдің бе?
Сұлулыққа болдым қайран,
Мен өзіңді көрдім де.
Сендерді елден ажыратқан.
Тепкісі ғой заманның.
Жанарыңнан жалын атқан
Ләззат алдым, тарылғандай кең даламыз.
Қалды жат жер мекен боп.
Тілеймін тек енді арамыз
Ажырамаса екен деп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі