Бұл бетте «Эфирдегі махаббат» атты Эльдар Ишберген жазған махаббат туралы өлең берілген.
Тик токтағы эфирде көп сұлулар.
Көрерменмен сыр бөлісіп жұмылар.
Заманның бұл талабы ма қазіргі.
Бағыт енді қайдан кері бұрылар.
Смартфоннан бас алмайтын жас жігіт.
Көріп қалды сондай ару бас тігіп.
Жатсада сол, тұрсада сол бір ару,
Жүрегінде от боп жанды босқа үміт.
Жауабы жоқ хаттар жазды жекесіне.
Өлеңде арнат, жетпитін құр жетесіне.
Күрсініп ер өзіне бір сұрақ қойды.
“Көзге түспей аруға сол кетесің бе?”.
Лаулап сезім тынышына қояр емес.
Қарай беріп ол сұлуға тояр емес.
Тағат таппай қыз эфирін күтіп жатыр.
Ішіп жеуді ұмытқан, таяу келмес.
Ақшасында аямай, үйіп төкті.
Сыйлық атты, барын сап ығып бөкті.
Саусағыда талмады құр лайк басып.
Комментарий “танысайық”, басты көкті.
Міне шіркін ғаламат па, ғажап па!!!
Жауап келді бүгін қыздан аз ақ та.
“Салем” деген сөздің өзі жігітке.
Бақыт болды созылған күн ұзаққа.
Тіл табысты жастар жеті сөйлесіп.
Кездесіп те қалды міне кеңесіп.
Құшақтасып отыр еді оңаша.
Эфир ашты тағы да қыз бірлесіп.
Мас боп отыр жігіт сезім у ына кеп.
Ойлап қоят “жалғыз ері болдым ба?”деп.
Қолын ұстап көлікке дейін шығарып салт.
Кейін білді ару науқас, болғаны мерт.
Интернетте парақашасы мұңды леп.
“Кездесуге шықтым “алғаш”,“соңғы”рет.”
Дәл осындай хабарлама қалдырып.
Суреті жоқ қара лента тұрды тек.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі