Бұл бетте «Бақыт деген» атты Камал ҰЗАҚ жазған бақыт туралы өлең берілген.
Бақыт деген не екен,
Кім біледі?
Байқасаң бақытсыз да шын күледі.
Өзгеге бақытты боп көріну де,
Мына сайқал өмірдің шындығы еді.
Өмірден бақыт таппай мұң шағасың,
Сүрінсең сынақпенен шыңдаласың.
Құдай саған бақытты бірден берсе,
Сезінбес ең бақыттың шын бағасын.
Бақыт деген тегін де, арзанда емес,
Атаңнан мұра болып қалғанда емес.
Өтірік күлгендердің көпшілігі,
Шындығында бақытты болғанда емес.
Өмірден бақыт іздеп сандаласың,
Таппасаң тағдырыңа шамданасың.
Жүрегіңе тыныштық орнағанда,
Нағыз бақыт екенін аңғарасың.
Бақыт қайда дейміз-ау, кім біледі?
Байқасаң бақытсызда шын күледі.
Өзгеге бақытты боп көріну де,
Мына сайқал өмірдің шындығы еді.
©Камал ҰЗАҚ
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі