Бұл бетте «Сағыныш» атты Камал ҰЗАҚ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағыныш үдеп, жүрегім қалды жабығып,
Сезімім қалды мөп-мөлдір мұңға малынып.
Мөп-мөлдір сезім өшпесе екен арадан,
Мен сені жүрмін әлі де, қалқам, сағынып.
Сағыныш деген жүрекке маза бермейді,
Махаббат барда жүректе ұшқын сөнбейді.
Ғашықтық деген - ұлы бір тылсым сезім ғой,
Қалғанда сүйіп ақылға жүрек көнбейді.
Сағыныш деген өзекті өртер от па еді,
Қарсы алдымыздан көлденең нелер өтпеді.
Мендегі сезім өшкен жоқ әлі, сондықтан,
Сағынып жүрмін, сағынышымның жоқ шегі.
Болашақ жайлы армандар шыңнан құлады,
Құлазып көңіл, жалт етіп сөнді шырағы.
Түсіне алмай әлі де жүрмін, неліктен,
Біздің сезімнің болмады мәңгі тұрағы.
Сағыныш үдеп, жүрегім қалды жабығып,
Сезімім қалды мөп-мөлдір мұңға малынып.
Жүректен сені өшіру мүмкін болмай жүр,
Мен сені жүрмін әлі де, қалқам, сағынып.
©Камал ҰЗАҚ
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі