Сен кешігіп туылғансың – Камал ҰЗАҚ

Бұл бетте «Сен кешігіп туылғансың» атты Камал ҰЗАҚ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Егер сен сәл ертерек туылғанда,
Амалын сөз салудың табар едім.
Көрінбей сенен басқа қыздар маған,
Өзіңді ай, күніме балар едім.

Тербеліп өзіңменен айлы түнде,
Махаббат әнін бірге салар едім.
Ай сынды аспаныңда сәуле шашып,
Жарқырап шоқ жұлдыздай жанар едім.

Махаббат айдынында қатар жүзіп,
Сезімнің отын бірге жағар едім.
Қолыңды сұрап барып қалқатайым,
Саусағыңа сақина тағар едім.

Ғашықтар мекендейтін ғаламшарда,
Мәңгілік тұрағың боп қалар едім.
Сен ғана жүрегімнің төріндегі,
Жалғыз-ақ жұлдызы боп жанар едің.

Сен…
Сен кешігіп туылғансың, әйтпегенде,
Өзім саған үйленіп алар едім.

©Камал ҰЗАҚ


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар