Сені қатты сүйетін бір адам бар
Бұл бетте «Сені қатты сүйетін бір адам бар» атты Камал ҰЗАҚ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағдыр бізді тәлкегіне салса да,
Жүрегіміз сағынышқа толса да,
Арамызда мың шақырым болса да,
Сені қатты ұнатамын Жалғызым.
Сен қуансаң - қуанамын өзіңмен,
Сен жыласаң - жас шығады көзімнен,
Бір жылулық сезіледі сөзіңнен,
Сені қатты жақсы көрем Жарығым.
Сезімімді жасыра алмай толғанам,
Бұндай сезім бұрын-соңды болмаған,
Саған қарай жол сілтейді сол маған,
Сені қатты сүйіп қалғам Жарқыным.
Сені қатты сүйетін бір адам бар,
Сен осыны ұмытпашы Алтыным.
©Камал ҰЗАҚ
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі