Қайда кетіп барасыңдар жігіттер – Камал ҰЗАҚ

Бұл бетте «Қайда кетіп барасыңдар жігіттер» атты Камал ҰЗАҚ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жолдарыңды жақсылыққа бастайтын,
Үзілмесін ешқашанда үміттер.
Қолдан келсе қамқоршы бол еліңе,
Кімдер сені жаман жолға үгіттер.

Абыройың асқақ болып әрқашан,
Үлгі көрсет сыйлайтындай жігітті ел.
Ұсақталып ірілердің біразы,
Қайда кетіп барасыңдар жігіттер!

Тасып тұрған күш-қайратың барында,
Қолдаушы боп өзгелерге үміт бер.
Қорғау үшін елің менен жеріңді,
Қиындықтан тайсалмаңдар жігіттер.

Жігіттердің көрген екен қаншасы,
Отан үшін маңдайынан төгіп тер.
Ұсақталып ірілердің біразы,
Қайда кетіп барасыңдар жігіттер!

©Камал ҰЗАҚ


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар