Бұл бетте «Елге сәлем» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дариға-ай, өзіңмен өткен,
Өмірім көктем, шуақтай.
Шіркін-ай, асыл ағайындарың,
Жаны таза бұлақтай.
Қайырмасы:
Бал, қымызың, қаймағың
Қасиетті қайнарың.
Аман ба жасыл жайлауың?!
Ерке қызың мен едім,
Құстай ұшып келемін,
Армысың ауыл аймағым!
Дариға-ай, есімде менің,
Бесігім едің тербеткен.
Шіркін-ай, жұпар даланың
Гүліндей боп бойжеткен.
Қайырмасы:
Дариға-ай, жарысып ескен,
Даламдай ерке желіңмен.
Шіркін-ай, өтер ме едім,
Әлдилеп әсем әніммен!
Қайырмасы
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі