Қимас-ай – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Қимас-ай» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір бақытқа бастадың,
Еш сырыңды ашпадың.
Қысылмадың, қашпадың,
Мәңгі ашық аспаным болдың, қимасым-ай!

Айналайын бақ құсым,
Бақытпысың, бақпысың,
Шырынбысың, шатпысың,
Жаным, сыйласай!
Жүремін қимай-қимай.

Қайырмасы:
Қимас-ай, әнбісің!
Сыйласай таң құсым!
Дари-дари-дай, о-о-о-о-о-о
Қимас-ай, сыйлашы-ай!

Сен дегенде от денем,
Қайта гүлдеп көктеген,
Қалай сені жек көрем,
Мәңгі қолым жетпеген жұлдыз, жаным-ай!

Күн шығады жаңғырып,
Ай туады сән құрып,
Ғайып болсын бар күдік,
Шырқалсын мәңгілік, әсем әнім-ай!
жүремін қимай-қимай.

Қайырмасы:

Таңғы үміт жаным-ай,
Мәңгілік әнім-ай!
Дари-дари-дай, о-о-о-о-о-о,
Қимас-ай, сыйлашы-ай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері