Жол сақшысы – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Жол сақшысы» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көлік деген кірген соң кебежеңе,
Жол сақшысы қарамас дәрежеңе.
Жүргізуші, жүргінші – бәріңе ортақ,
Бағынасың тек қана ережеге.

Қайырмасы:
Ей, жүргізуші, жаяу халық,
Шаршағанда аялдайық.
Адамдардың тағдырымен
Ойнамайық, абайлайық.
Жолаушының жолдағы,
Қалғымайтын қорғаны
– Жол сақшысы!

Көлігіңді шаршамай айда, туыс,
Ережені бұзбасаң, жол да тыныш.
Сақтағанды Құдай да сақтайды екен,
Сарқылмасын сақтықтан қайратыңыз.

Қайырмасы:

Өте алмайды асығып әсте бұрын,
Бағдаршамға бағынбай еш көлігің.
Тойдан тойып, жүрмесең жолдан тайып,
Естімейсің сақшының ысқырығын.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері