Бұл бетте «Өз елім» атты Ибрагим Иса жазған отан туралы өлең берілген.
Ертеңіміз болу үшін арайлы,
Арманымыз орындалды талайғы.
Көрер көзге қайдан жарып шықты деп,
Әлем бізге қайран қалып қарайды.
Қайырмасы:
Таң қалдырған жер, көкті,
Астанасы сәулетті,
Қазыналы, дәулетті,
Өз елім!
Аталардың арманы,
Орындалса болғаны.
Болашақтың қорғаны –
Өз елім!
Өскен елмен терезесі тең еліміз,
Қандай сынақ болса дағы жеңерміз.
Бірлігі мен берекесі ұйыған,
Жаны жомарт, құшағы да кең елміз.
Қайырмасы:
Болашаққа апаратын елімді,
Ұрпағымыз ертеңіне сенімді.
Қандай көркем,Сүймей өту мүмкін бе,
Туған өлкем,менің байтақ жерімді.
Қайырмасы:
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі