Қоңыр қаз – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Қоңыр қаз» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Халық әні

Дүние опа бермес жинағанмен,
Кетерсің бір күн тастап қимағанмен.
Әркімнің өз кеудесі – өз патшасы,
Жолдас бол кім де болса сыйлағанмен.

Қайырмасы:
Қоңырқаз үйрек,
Күлімкөз әйнек,
Біз келдік алыс жақтан
Әдейі іздеп, ой-ага-ай!
Әппақ қар жауған,
Келеміз таудан,
Көзімді бір қысып қойсам,
Бітеді шаруаң.

Күз келер болса дағы көктем бүгін,
Басылар күз келген соң өктемдігің.
Қалады бақытың мен байлығың боп,
Қуанып жақсылармен өткен күнің.

Қайырмасы:

Не болар көңіліңнен нұр қашқанда,
Шығады іштегі шер сырласқанда.
Жүргенмен кейде күліп, кейде ренжіп.
Не жетсін бұл дүниеде сыйласқанға.

Қайырмасы:

Жеткізбей алқындырып жол қашады,
Әр күнің асықтырып алға асады.
Сездіріп ғұмырыңның қысқалығын,
Тіршілік мәңгілікке жалғасады.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері