Көңілдегі көктем – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Көңілдегі көктем» атты Ибрагим Иса жазған табиғат туралы өлең берілген.

Ұйқысыз таңды ұрлатып,
Жүретін жаңбырлатып,
Күндер-ай, жалт етіп жоғалған.
Көргендей бірінші рет,
Қайтадан күлімсіреп,
Сол бейне шығар ма тағы алдан.

Қайырмасы:
Қайран күндер-ай сәнді,
Оралмай көптен,
Жоғалған көктем...
Әнін таба алмай қалды.
Қиқуға құштар,
Барады құстар,
Сайран сала алмай мәңгі.

Әр талға тиіп қашып,
Жүретін иықтасып,
Күндер-ай, жүрекке от берген!
Ашылған бұлақтардай,
Шашылған шуақтардай,
Сол көктем құстар да көп келген.

Қайырмасы:
Көңілден шуақ тамып,
Түнімен сыр ақтарып,
Күндер-ай, құстарды қарсы алған.
Жұлдыздай ағып өткен,
Сол ару жаны көктем,
Қайда екен...
Жоғалды қанша арман!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері