Шіркін, өмір! – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Шіркін, өмір!» атты Ибрагим Иса жазған өмір туралы өлең берілген.

Жетеді арманына асықпаған,
Межеме жақындаймын қашықтаған.
Жаураған жүректерді жылытатын,
Мәңгілік тіршілікке, шіркін-ай, ғашық болам.

Қайырмасы:
Таппайды қайран жүрек сөнбей тыным,
Белгілі қайта айналып келмейтінім.
Кетерде алаңдармын артыма бір,
Қимаймын күнімсің ғой, шырынсың ғой,шіркін өмір!

Уақыттың баспалдығын басып күнде,
Арманым келе жатыр өсіп бірге.
Бақыттың кемесіне жағадағы,
Білмеймін, үлгірем бе, япыр-ай, кешіктім бе?!

Қайырмасы:

Көңілім құлпырады көктем сайын,
Қуанам жаңа күнге жеткен сайын.
Ойлаймын қанша өмірім қалды екен деп,
Әр жылда туған күнім, дариға-ай, еткен сайын.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері