Мәрзия апай – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Мәрзия апай» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Баланың бесігінен қуаттанған,
Ананың жүрегінен шуақ тамған.
Әкенің ардақтаған шаңырағы,
Мекені мейірімнің сияқтанған.

Қайырмасы:
Абзал Ана,
Ардақты Ана,
Әз Ана!
Асыл Ана,
Аяулы Ана,
Жан Ана,
Мәрзия апай!

Сәнімен биіктетіп аласаны,
Жанымен жүректерге жол ашады.
Аяулы Ана деген әсем атың,
Өзіңе арналғандай жарасады.

Қайырмасы:

Жаратқан жан сияқты жанын құстан,
Дәулеті – абыройы алып ұшқан.
Пейілі аппақ қардай жаңа жауған,
Жүрегі жаралғандай сағыныштан.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері