Бұл бетте «Шиелім - киелім» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасиеттей Сыр бойында сақталған,
Топырағыңда тоғысып сан жатты арман.
Батырларың, ақындарың қаншама,
Шиелінің киелісі боп қалған.
Қайырмасы:
Саған деген тілегім,
Өшпейді деп білемін.
Сен деп соғар жүрегім,
Айналайын, киелім,
Айналайын, Шиелім!
Сенсің алыс кетсем дағы тірегім,
Қадіріңді, қасиетіңді білемін.
Ыбырай боп, Әбділда боп сөйлейсің,
Сұлу елім, шырын елім – Шиелім.
Қайырмасы:
Мәуелерің маужыраған кезінде,
Айналасың сағынышты сезімге.
Сен тұрасың, Ел тұрады қашанда,
Ұлдарыңның мөлдіреген көзінде.
Қайырмасы:
Сенің жырың жүрегімде жатталған,
Сенің сырың жүрегімде сақталған.
Шиелінің гүлін іздеп жүремін,
Алматыда тұнып тұрған бақтардан.
Қайырмасы:
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі