Күре жолда - күн қала – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Күре жолда - күн қала» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адамзаттың үмітін жалғаған,
Жер бетіне қанша жол салды адам.
Жасампаз жаңа қала орнады,
Елімнің картасында болмаған.

Қайырмасы:
Дархан қазақ даласы,
Қандай әсем, қарашы.
Бой көтерді тағы бір
Елімнің нұрлы қаласы.

«Қарын – Жарық» құмына жан беріп,
«Жібек жолы» жол бойына сән беріп,
Жүретін ұрпақтардың жолы бұл,
Бейбіт ел арасында тербеліп.

Қайырмасы:

Маңғыстаудай мұнайлы өлкемнен,
Талай елге тарамды жол келген.
Осы жол, болашақта бұл қала,
Жалғайтын бүгінімді ертеңмен.

Қайырмасы:

Арындаған жыл өтсін, бәрі бір,
Бақыт пенен байлықтың жолы бұл.
Халқымның жас қаласы – бұл қала,
Туысқан елдерменен жаны бір.

Қайырмасы:

Жан бітіріп суарған құмға да,
Қарайтындай көрген жан таң қала,
Сәулетті, дәулетті де ертеңі,
Күре жол бойындағы, Күн қала!

Қайырмасы:

Шарықтай бер сәндене,
Арқау болып әнге де,
Арқау болып жырға да,
Жасай бер, жаса, Күн қала!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері