Соқа мен зеңбірек – Бедный Демьян

Бұл бетте «Соқа мен зеңбірек» атты Бедный Демьян жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сықыр, сықыр дөңгелеп,
Жүргенін көріп зеңбірек:
«Тында, бабай мені», – деді,–
Саңыраумысың сен соқа?
Күні бойын күркіреп,
Қалтыратсам жер мен кек,
Тындаймысың бүкшеңдеп;
Не қылып жүрсің? Ха-ха-ха!»
Соқа: «Жыртам жерімді,
Асыраймын елімді.
Тыңдамаймын, тыңдағым
Келмейді күркірегіңді…»
«Жыртамысың жеріңді,
Шығардың кімге терінді?
Бол оған соқам сенімді:
Ойрандаймын еліңді.
Жалғыз там қалмас қалаңнан,
Жалғыз жан қалмас далаңнан.
Егінің болар тозаң – шаң,
Қой, соқа, жат, ал деміңді!»
«Жырта берем жерімді,
Асырай берем елімді.
Елім жесе алам дем
Жемісімді, жемімді.
Бұйраланып боразда,
Жер жыртылса, ол аз ба?
Татуды тартқан аразға,
Ойраншыл, бүлік бір жаусың,
Бұзуға дүние арнасын,
Жоюға еңбек ордасын,
От, су, қырғын жолдасың.
Тілегің сенің «қан жаусын»
Дүние сені мәңгіге,
Қан көрген сайын карғайды.
Дүние мені мәңгіге,
Нан жеген сайын алғайды».

аударған: І.Жансүгіров


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар