Бедный Демьян

Бедный Демьян туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Бедный Демьян (1883 – 1945) шын аты-жөні – Придворов Ефим Александрович 1883 жылы 13 сәуірде Херсен губерниясында Губовка деревнясында дүниеге келген. Орыс совет ақын, қоғам қайраткері, поэзияда социолистік реализмнің негізін қалаушылардың бірі. 1912 жылдан компартия мүшесі. Кедей шаруаның баласы, 1904-08 жылы Петербург университетінің Тарих факультетінде оқыған. Өлеңдері 1909 жылдан «Русский богатство» журналында жариялана бастады. 1911 жылы большевиктік «Звезда» газетінде «Кедей Демьян – сойқан бір жан» деген өлеңі басылды да осыдан ақынның Бедный деген лақап аты пайда болды.

Бедный шығарманы халық үшін жазуды лениндік революциялық идея бұқараға жеткізуді алдына мақсат етіп қойды. 1913 жылы «Мысалдар» деген атпен Бедныйдың тұңғыш өлеңдер жинағы шықты. Бұл жинаққа В.И. Ленин назар аударды. Оның Азамат соғысы кезінде жазған өлеңдері мен жырларының маңызы аса зор болды.

Елді индустриаландыру жылдарында Бедный Қазақстанға келіп, Түрксіб құрылысын шабытпен жырлады. Бедный Ұлы Отан соғысы жылдарында өткір өлең, жырларымен халықты жеңіске жігерлендірді.

Шығармалары: «Кедей Демьян – сойқан бір жан» өлеңі; («Звезда» газеті) «Мысалдар» ,өлеңдер жинағы (1913ж); «Бас көше» (1922) поэмасы; «Шайтан арба» поэмасы; «Пештен түс», «Аяма», фельетон, «Ұлпа қарлар» өлеңі.
Бедный Ленин ордені және «Қызыл ту» медальдарымен марапатталды.
Қазақ ақыны С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов т.б. Бедныйдың өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Бедный Демьяннан І.Жансүгіров аударған өлеңдер: «Соқа мен зеңбірек», «Жан қайла».

Автордың бөлімдері

Автор туралы Өлеңдері