Жан қайла
Бұл бетте «Жан қайла» атты Бедный Демьян жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасқырды есек көре кетті,
Көре сала өле кетті.
«Аяғымшы-аяғымдап»,
Бақырғанда зәре кетті.
Не боп қалды? – деді қасқыр, –
Бақырасың, қара басқыр!
Аяғыма шөңір кірген,
Көрмеймісің іріңдеген…
Ой-бай, бай-бай, өлем… өлем…
Іріңдеді барлық денем,
Іріңнен улап, шіріп,
Өледі ғой мені жеген.
Құдай үшін, бірәдар-ай,
Ете гөрші, маған жәрдем!
Ой-бой, бой-бой, өліп барам,
Жаман болды менің жарам.
Сол шөңірді ап жіберсең,
Көп-көп алғыс айтам саған.
Бері есекке жүгіреді,
Аяғына үңіледі:
Аяғың ба? Тұяғың ба?
Кәні қай жер? Жара қайда?
–Міне!
Ол емес… ой-бой, бой-бой!..
Жаным шығып барады ғой!
Ойбай! Тиме! Қақпа! Қақпа!
–Тоқта!Тоқта!
Алдыменен тазалайын,
Тұяғыңды толған боққа.
Тікен іздеп қасқыр жатты,
Есек біраз бой тоқтатты.
Тепті қатты.
Қасқыр құлап омақатты.
Есек қашты.
Аударған Ілияс Жансүгіров
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі