Әшекей – Дәулетбек Қаңбақов

Бұл бетте «Әшекей» атты Дәулетбек Қаңбақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әшекей мен шөшекей деп,
Қызықты ойын осы екен деп,
Ойын үшін топталамыз,
Аула толы көп баламыз.

Алқа дайын шұбатылып,
Қалмаймыз да сірә тынып.
Ұстап ал деп, шарт қып ізгі,
Ұстатпаймыз артқымызды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері