Бұл бетте «Сырғанақ» атты Дәулетбек Қаңбақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үш пен бестің арасында, Жіп байлатып анашыма. Әлпеншекті тепкеміз көп, Оны қызық еткеміз кеп.
Зырылдауық, зырылдауық, Жарыстырдық зырыл қағып. Қағып бишік үйіріледі, Үйіріледі, иіріледі.
Домалатып ақшақарды, Ата жасап ақ сақалды. Ана жасап ақ самайлы, Ұқсатуды бап санайды.
Әшекей мен шөшекей деп, Қызықты ойын осы екен деп, Ойын үшін топталамыз, Аула толы көп баламыз.
Мұз айдынға жүр балалар, Бәсекемен сырғанап ал. Секілді мұз асыл айна, Ойнап көңіл тасымай ма?!
Секунд санап жүз метрде, Кейде бес жүз, мың метрде. Жарысамыз көмбе қойып, Төрешіні төрге қойып.
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі