Ән жарысы – Дәулетбек Қаңбақов

Бұл бетте «Ән жарысы» атты Дәулетбек Қаңбақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қыздар, ұлдар, сабақтастар,
Дейміз бірін қалап басқар.
Ән шырқайды әншіміз бар,
Әнші ұл бар, әнші қыз бар.

Ербол тақпақ айтады да,
Мұрат қобыз тартады да.
Комедия ойнап Бақыт,
Күлеміз кеп сілем қатып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері