Соқыртеке – Дәулетбек Қаңбақов

Бұл бетте «Соқыртеке» атты Дәулетбек Қаңбақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таңып көзін бір баланың,
Ішіне әкеп жүз баланың.
Ұста дейміз түртіп қашып,
Шыр айнала іркіп қашып.

Аяқ қолы әлтек-тәлтек,
Ұстай алмай бірін дәлдеп.
Қуалайды таңып көзін,
Шалқып ұшып шабыт сезім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері