Теледидар – Дәулетбек Қаңбақов

Бұл бетте «Теледидар» атты Дәулетбек Қаңбақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көрдік кеште теледидар,
Мұнда қызық нелер жыр бар.
Ойнай жүріп сабақтастар,
Талпынамыз талапқа асқар.

Біз ойнаған көп ойындар,
Демей қыздар, демей ұлдар.
Теледидар бетінде жүр,
Шалғай елге жетіп небір.
Ертек айту

Басталады ертек айту,
Жаңылтпашты тентек айту.
Қызық сөйлеп күлдіреміз,
Күлдіреміз, бүлдіреміз.

Жұмбақ айтып, табысамыз,
Ымдап айтып қағысамыз.
Айтысамыз жаталық деп,
Қылды қылға маталық деп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері