Ақын сезмі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ақын сезмі» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2450
Аспан ашық, желсіз, үнсіз күн тымық,
Гүлді, нұрлы жатыр дала құлпырып.
Қарағайлар терезеге қарайды,
Қолын созып талпынғандай ұмтылып.
Тау бұлағы жол бойында сыңғырлап,
Тербетеді әлденендей жыр жырлап.
Түсінбеймін, құлағыма келеді үн,
Жас баланың сөздеріндей былдырлап.
Ортасында отырып мен ән-күйдің,
Көңілім ояу, көзді жұмып қалғимын.
Өлең болып құйылса деп қағазға
Жер мен көктің құпиясын аңдимын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері