Күн екіге бөлінбес – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Күн екіге бөлінбес» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2221
Я не знаю где граница
Между севером и югом.
Я не знаю где граница
Между товарищем и другом.
Михаил Светлов.
Батыс пенен шығыстың
Ортақ күн мен айы бар.
Бәрі ортақ туыстың
Кім бар оны айырар
Шығыс, батыс ол ұғым —
Жолаушыға мезгеген.
Біз білеміз барлығын,
Сұрамай-ақ кезбеден.
Айыра алмас шегін еш,
Ағайындық, қарындас.
Күн екіге бөлінбес,
Ай екіге жарылмас.
Жоқ ешқандай бөтені
Күнбатыс пен күншығыс.
Егіз ұлдай екеуі —
Ерте кезден бір туыс.
Бөлетұғын кім өзі,
Арамызда туыстық.
Тұтылмасын күн көзі,
Бола берсін тыныштық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері