Теміртау түні
Бұл бетте «Теміртау түні» атты Ілия Жақанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жарқылдаған сырғаң-ай,
Толықсып бір туған Ай!
Теміртаудың аруы,
Жаным, саған жаным құрбан-ай!
Қыз сөзіне еліткен,
Жігіт едім желіккен.
Көрген сәтте өзіңді,
Толқыдым мен, айтшы, неліктен?
Сарыарқаның самалын
Аймалатқан жамалың!
Жүрегімді жандырды
Сырға толы мөлдір жанарың.
Көл тербетіп жағаны,
Жұлдыз жымың қағады.
Алаулаған жүзіңді
Ай да қимай батып барады.
Теміртауда мақпал түн,
Жан сырыңды ақтардың.
Армандай бір ән қалды,
Белгісі боп қимас шақтардың!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі