Бұл бетте «Меңді қыз» атты Дулат Шалқарбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әудем жер жүре алмаймын аяғымнан, Ұстаймын екі қолдап таяғымнан. Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім, Кәрілік келіп қалды қай жағымнан.
Қамысы Әупілдектің мүше-мүше, Сарғайдым осынау көлдің суын іше. Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе, Барар ем қалқа жанға әлденеше!
Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай, Желіге асау құлын байлаған жер-ай. Көзіме от жалындай көрінеді-ай, Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер-ай.
Хабарлама
INFO
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі