Сарыарқа

Бұл бетте «Сарыарқа» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әніме ұйып тына бер,
Төскейім, төрім нар алқа.
Құлагер жортқан құба бел,
Сүйемін сені, Сарыарқа.
Салтанат, сайран құра бер
Құмарың тарқап, жан қалқа.
Сен туған жер – ғажап жер,
Сұлулар елі – Сарыарқа.
Қосылып, сәулем, тың ән сал,
Тыңдасын кербез нар алқа.
Ақан, Сәкен, Біржан сал,
Серілер елі – Сарыарқа.
Қуаныш, қайғы ел көрген,
Ізіне жүзі сай алқа.
Сексен көл, Балқаш көмкерген,
Жезкиік елі – Сарыарқа.
Әніме ұйып тына бер,
Төскейім, төрім нар алқа.
Құлагер жортқан құба бел,
Сүйемін сені, Сарыарқа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері