Асыл қала – Алматы
Бұл бетте «Асыл қала – Алматы» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алматы – көлде аққудай әсем қала,
Бар қазақ басын иген көсем қала.
Атқан таң бір көруге аңсап жетсе,
Батқан күн қимай жылжыр бәсең ғана.
Ажары тау гүліндей ашық қала,
Жан-жаққа жатыр нұрын шашып қана.
Бар әлем Алматыға ғашық болса,
Алматы – адамзатқа ғашық қала.
Алматы әр мезеті құбылмалы,
Жалғасты талай жігіт ғұмыр мәні.
Жасқанған күннің көзі тік қарауға,
Осында әлемнің ең сұлулары.
Жұлдыздай көш басқарған үркердегі,
Алматы – жер бетінің үлкен төрі.
Жұмақтың бір алмасын ала келіп,
Адам Ата, Хауа Ананың түскен жері.
06.04.2003.
Алматы
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі