Жетісу
Бұл бетте «Жетісу» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлемнің асыл жері,
Әйгілі ғасыр төрі;
Жоңғардың ала белі,
Қазақтың ала көлі
Бауырласқан Жетісу.
Жеті өзен алқасы бар,
Айдын көл Балқашы бар;
Ақын қыз Сара туған,
Ілиястай дана туған,
Аңыз, дастан Жетісу.
Ақынның қаламынан,
Ұшқан құс жанарынан;
Асылдың тілегінен,
Сұлудың жүрегінен
Үзілмеген Жетісу.
Оянбас әнсіз күнге,
Оранбас нәрсіз гүлге;
Нұр қонған келбетіне,
Жұпарын жер бетіне
Қыз үрлеген Жетісу.
Еркелеп ескен желің
Өлкеме төккен лебін;
Достыққа, махаббатқа
Ұлғайтқан үміт-сенім
Жан қанаты Жетісу.
Сұлуым, еркем менің,
Көкіректі көркемдедің;
Шіркін-ай, қайда барсам,
Қасыма ертер ме едім,
Жер жаннаты Жетісу.
1993
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі