Қуансын қазақ егемен!
Бұл бетте «Қуансын қазақ егемен!» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аңдасаң көптің мұқтажын,
Санама күнді терлеген.
Болашақ құтты қыс-жазын
Мұңым көп көксеп, зерлеген.
Жігітті жігіт демеймін
Ел үшін дауға енбеген.
Жыртысын жыртып Семейдің,
Аралым үшін өлмеген.
Жігітті асыл дей берем
Құлшынтып намыс өрлеген.
Шалдықса оған дем берем,
Жүректен оты сөнбеген.
Жігітті өтем танымай
Ел тілегін термеген.
Абылай мен Ағыбай
Аруағы бата бермеген.
Бас қосар бүгін келді рет,
Ел толқып, аруақ жебеген.
Дербестік туы желбіреп,
Қуансын қазақ егемен!
1990
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі