Жақсылыққа бастай берсін қадамым
Бұл бетте «Жақсылыққа бастай берсін қадамым» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсылыққа бастай берсін қадамым,
Сырғанай бер, сыр сарқылмас қаламым.
Күн мен түнді жалғастырып келемін,
Сол намыспен шарықтай бер, талабым.
Жабайымын көгаршындай қолдағы,
Мазасызбын жолбарыстай жолдағы.
Басылмай жүр, басылмайды ешқашан
Туған елдің тағдыр берген толғағы.
Әр адамның өзіне тән орғаны,
Болдым берік сағыныштың қорғаны.
Мен кеткенде «Жезкиігім» жарқырап,
Жер бетінде жүйткіп жүрсе болғаны.
Қанша екенін білмесем де қалған күн,
Осынау әнге жан-тәніммен жалғандым.
20.01.2004.
Астана
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі